Мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс бергендер үлесі 50 пайыздан асты
Орталық сайлау комиссиясы 16:00-дегі жағдай бойынша Мәслихат сайлауына қанша адам келгені туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ОСК-ға сілтеме жасап.
Астана қаласы – 39,91%Абай облысы – 63,02%Ақмола облысы – 53,16%Ақтөбе облысы – 66,19%Алматы облысы – 56,25%Атырау облысы – 51,17%Батыс Қазақстан облысы – 52,27%Жамбыл облысы – 56,31%Жетісу облысы – 68,03%Қарағанды облысы – 53,42%Қостанай облысы – 54,15%Қызылорда облысы – 67,36%Маңғыстау облысы – 56,17%Павлодар облысы – 55,89%Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%Түркістан облысы – 69,84%Ұлытау облысы – 51,53%Шығыс Қазақстан облысы – 61,47%Алматы қаласы – 33,73%Шымкент қаласы – 40,23%
Республика бойынша сағат 16:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 53,86% дауыс берді.
Мәслихат сайлауы
29 қарашада Қазақстанда Мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бүгін қазақстандықтар облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда өз мүддесін қорғайтын депутаттарды таңдайды.
Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Айта кетейік, ОСК мәліметтері бойынша, республикада сағат 14:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берді. Сол уақытта үш өңір – Түркістан,, Қызылорда және және Жетісу облыстары дауыс бергендер саны бойынша көш бастады.
Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Партиялық тізім бойынша сайлауға Қазақстанда тіркелген жеті саяси партия жіберілді:
"Әділет" партиясы;
"Ақ жол" демократиялық партиясы;
Қазақстан халық партиясы (ҚХП);
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП);
"Ауыл" партиясы;
"Байтақ" жасылдар партиясы;
Respublica партиясы.
Сайлауға бірмандатты округтер бойынша ұсынылған кандидаттар да қатысып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының бұған дейінгі мәліметінше, бір депутаттық мандатқа үш кандидат үміткер.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беруге қатысты, ол Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан № 520 сайлау учаскесінде мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады.
Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Еске салайық, алғашқы 101 сайлау учаскесі таңғы сағат 06:00-де ашылды. Олардың басым бөлігі әскери бөлімдерде орналасқан. Бұл қарауылға немесе кезекшілікке шығатын, жауынгерлік міндеттерді орындайтын және жабық аймақтарда қызмет атқаратын әскери қызметшілердің дауыс беруіне мүмкіндік жасау үшін ұйымдастырылған.
Республика бойынша барлығы 10 338 сайлау учаскесі бар. Қалған учаскелерде дауыс беру сағат 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады. Осыдан кейін сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санауға кіріседі. Сайлаушылар тізіміне 12 679 459 адам енгізілген.