Сенат Төрағасы Пагуош ғалымдар қозғалысының жетекшілерін қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және әлем істері жөніндегі Пагуош конференцияларының (Пагуош ғалымдар қозғалысы) Бас хатшысы Паоло Котта Рамусино мен осы ұйымның атқарушы директоры Сандра Ионо Батчерді қабылдады.