Қазақстан мен Пәкістанның әскери қызметшілері ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурыз күні ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов пен Пәкістан ҚК ӘТК штабтық колледжі делегациясының басшысы коммадор Сәжид Махмұд Шахзаданың кездесуі барысында әскери білім беру және кадрларды даярлау аясындағы ынтымақтастық талқыланды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.