ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауы ашық, еркін әрі демократиялық ұстанымдарға сай өтті - ШЫҰ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы миссиясының байқаушылары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы барысында заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК-де өткен брифингте ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары, миссия жетекшісі Азиз Носиров мәлім етті.