World News in Kazakh

Алматы қалалық мәслихатының құрамына қай партиялардың өкілдері кіретіні белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық мәслихатына сайланған 37 депутаттың 35-і - «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Қалған екі депутаттың бірі - «Ақ жол», екіншісі - «Ауыл» партиясы атынан ұсынылған. Бұл туралы бүгін Алматыда   ҚР Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша өткен брифингте Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов мәлім етті.

Читайте на сайте