Әлемде ядролық қаруды қолдануға жол бермеу аса маңызды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Әлемде ядролық қаруды қолдануға жол бермеу бүгінгі таңда аса маңызды мәселеге айналып отыр. Осы орайда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі дүние жүзі халықтары мен саясаткерлерінің назарын аударған тарихи құжатқа айналды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткізілген брифингте айтылды.