Қытайда 1000 адам бір уақытта күй шертті - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Қытайдың ШҰАӨ Тарбағатай аймағы Толы ауданында III "Тарбағатай тау гүлі шешек атты" домбыра мәдениеті мерекесі басталды. Мәдени шара аясында мың адам бір уақытта домбыра шертті, деп жазады қытайдың kazak.ts.cn сайты.