World News in Kazakh

Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі келісілді

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы болды. Төраға таяу кезеңге белгіленген бірқатар маңызды шараларға назар аударды. Атап айтқанда, 31 мамырда әлемнің көптеген мемлекеттерінен келетін парламентшілердің, діни қайраткерлер мен сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Діндер терроризмге қарсы» тақырыбына арналған халықаралық конференция болады. 1 маусымда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XV отырысы өтеді.

Читайте на сайте