World News in Kazakh

Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтардың саны 615-ке жетті - С. Мәжитов (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Таяуда Астана қаласында қоғамды елең еткізген «Қазақстандықтар - Ұлы Жеңістің батырлары» атты екі томдық кітаптың тұсауы кесілген болатын. Оның жарыққа шығуына «Нұр Отан» партиясы тікелей қолдау көрсетті. Алайда, өкінішке қарай денсаулығына байланысты тұсау кесер рәсіміне осы екі томдық ғылыми еңбектің ғылыми жетекшісі әрі редакторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық «Интеллект Орда» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының бас директоры Саттар Мәжитов қатыса алмаған еді. Ұлы Отан соғысының бүкіл кеңес халқына қасірет әкелгендігін, Ұлы Жеңістің нағыз халықтық жеңіске айналғандығын, оны бөлуге, меншіктеуге болмайтындығын айқындап, ашып берген бұл тарихи еңбектің маңызы өте зор екені даусыз. Сондықтан, осы ауқымды еңбектің маңызы, бүгінгі ұрпаққа берері, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде алар орны және басқа да қырлары жөнінде «ҚазАқпарат» тілшісі Саттар Фазылұлымен әңгімелескен еді.

Читайте на сайте