Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған автобус жүргізушісі жұмыстан босатылады (ВИДЕО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда жолаушы тасымалдаушы автобус жүргізушілерінің бірі жол қозғалысы ережесін өрескел түрде бұзды. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісін пайдаланушылардың бірі өз парақшасында тиісті бейнетаспаны жариялады. Онда автобустың қарсы жолаққа түсіп алып, үлкен жылдамдықпен бағдаршамның қызыл шамының жанғанына қарамастан жол қиылысынан өте шыққаны бейнеленген.