Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады деп болжануда. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Алмасбек Марс мәлім етті.