Мәжіліс жалпы отырыста Жер кодексінің нормаларына мораторий енгізетін заң жобасын талқылайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын Палатаның жалпы отырысында қарауды ұсынбақ. Бұл туралы бүгін Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды.