Сенат комитеті бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептері талқыланды.