Израиль тарапы Қазақстаннан келген әрбір адам үшін туристік операторға 45 еуро бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің туризм министрлігі танымал Эйлат курортына келетін әрбір турист үшін 45 еуро көлемінде қазақстандық туристік операторларды субсидиялау бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшісі Дулат Қуанышев мәлім етті.