Елімізде дәрі-дәрмек алу уақыты қысқартылады 24.06.2016 22:28 Казинформ АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел азаматтары үшін дәрігерге қаралу мен дәрі-дәрмек алу мерзімі қысқартылады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі оны әлеуметтік келісім-шарт жобасын енгізу арқылы реттемек, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.