Күн жүйесіндегі ең терең шатқал табылды
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Плутонның ең ірі серігі Харонда аса ірі шатқал табылды. Бұл Күн жүйесіндегі белгілі шатқалдардың ішіндегі ең тереңі болуы мүмкін. Себебі ол Жердегі ең үлкен шатқал саналатын АҚШ-тың ұлы шатқалынан едәуір терең әрі ұзын. Бұл туралы НАСА-ға сілтеме жасай отырып Lenta.ru хабарлады.