Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне байланысты СІМ кешенді жоспар әзірлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі кешенді жоспар жасаумен айналысатын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов мәлім етті.