Павлодар облысындағы түйнеме бойынша карантин 4 күннен соң аяқталады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 12 шілде күні басталған Павлодар облысы Ұзынсу ауылындағы карантин 26 шілдеде аяқталады. Бұл туралы бүгін БАҚ-қа арналған брифингте ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Рашид Нұрбеков хабарлады.