World News in Kazakh

ЭКСКЛЮЗИВ: Бокстан Қазақстан құрамасының Олимпиадаға дайындығы қалай жүріп жатыр? - ФОТО/ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді 15 күннен кейін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Қазақ елінің намысын қорғайтын спортшылардың арасында жанкүйерлер боксшыларға ерекше үміт артатыны жасырын емес. Бүгінгі таңда Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын ұлттық құрама жігіттері белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Америкадан алдыртқан жеті боксшымен Астанада спарринг өткізіп, соңғы жаттығуларын пысықтап жатыр.

Читайте на сайте