3 тамызда ел аймақтарының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел көтеріледі, батыс өңірде - аптап ыстық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады, ал күндіз шығыста бұршақ түсуі ықтимал.