Көшербаев балалар хирургиясының негізін салушыны мерейтойымен құттықтады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгін Достық үйінде Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін салушы, академик Камал Ормантаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.