Дариға Назарбаева Франция СІМ өкілдерімен екі ел университеттерінің ынтымақтастығын талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Француз Республикасы Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі Құрлықтық Еуропа департаментінің директоры Флоранс Манженді қабылдады.