Әуе билеттерінің жоғары бағасы үшін Эйр Астанаға қарсы 3 әкімшілік іс қозғалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуе тасымалдау қызметтерінің монополиялық жоғары бағасын тексерудің басынан бері антимонополиялық орган «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясына құжаттар мен ақпараттарды көрсету туралы 3 сауал жіберген. Олардың кейбіріне жауап берілмеген немесе жартылай ғана жауап берілген, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.