БҚО-да прокуратураның араласуымен бюджет 4,2 млрд. теңгеге толықты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық салада барлығы 774 тексеріс жүргізіліп, 5,5 мың заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов жүргізген жыл қорытындыларына арналған жиында мәлім етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.