Ресей мен Түркия Сириядағы қақтығыстарды болдырмау және ұшу қауіпсіздігі жайлы келісімге келді
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының қорғаныс миинстрлігі мен Түркия Республикасы Қарулы күштерінің Бас штабы Сирия Араб Республикасындағы қақтығыстарды болдырмау және операциялар барысында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы меморандумге қол қойды. Бұл туралы Мәскеудегі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ресей Қорғаныс миинстрлігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды.