Жасыл энергиямен жүзетін катер Жерді айналып шықпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңартылатын энергиямен жүзетін әлемдегі алғашқы катер алты жыл ішінде Жерді айналып шығуға әзірленуде. Саяхат Францияның Бретени қаласынан 2017 жылдың көктемінде басталып, алты жылға созылады, деп жазады Associated Press.