Балаларды асырап алуға арналған дерекқор суреттермен толықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ата-анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған балаларды асырап алуға арналған деректердің мемлекеттік банкі суреттермен толықты. Бұл туралы белгілі продюсер, тележүргізуші және «Милосердие» ерікті қоғам қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.