Нидерландта Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған сайт ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерланд Сыртқы істер министрлігінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатын голландықтарға арналған ресми сайттың тұсау кесері өткізілді. Интернет-құрал Нидерландтың сауда және инвестициялар ұлттық агенттігінің электронды порталы негізінде құрылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.