NASA ғарышкердің скафандрмен жүріп әжет өтеуіне қатысты идеяға 30 мың доллар төледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғарышта әжетті өтеу үшін астронавттар түрлі айла-тәсілге баруда. Ғарыш кемесінде бір амалы табылады, ал скафандр ішінде жағдай қиындай түседі. Popular Science басылымының жазуынша, арнайы жөргектер арқылы мәселені шешуге болады, тек олар ұзақ уақытқа жарамсыз.