Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысының әкімдігінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне «Қорқыт ата мұрасы» көпұлттық номинациясын дайындау бойынша сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.