«Балапан» арнасы жаңа маусымдағы жаңалықтарымен бөлісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі тұңғыш және жалғыз балалар телеарнасы «Балапанның» жаңа маусымы жаңалыққа толы болмақ. Ендігі уақытта бүлдіршіндердің ғана емес, жасөспірімдердің де талғамына сай келетін тың жобалар жарыққа шығады. Арнаның безендірілуі де жаңа үлгіге ауысқан. Еліміздің басты балалар арнасы алдағы жоспарлары жөнінде «ҚазАқпарат» ХАА сауалына жауап берді.