Алматыда бұрынғы трамвай паркі аумағында жастар орталығы ашылмақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала жастарын қолдау үшін Жол картасы жобасы жасалып, бұрынғы трамвай паркінің аумағында жастардың лофт-орталығы ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.