2017-2019 жылдардың бюджеті 2 өңірдің сайтында ғана жарияланған - сарапшы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың сайттарындағы бюджеттік ақпараттар ашық әрі қолжетімді емес. Мұндай мәлімдемені бүгін Алматыда үш бірдей қоғамдық бірлестік мамандары жасап, нақты мониторинг зерттеулерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.