Жұма күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.