Сенат сайлауы. ЖОО проректорлары депутаттыққа ұмтылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы демалыстың уақыты жақындап келеді. Ал жергілікті сайлау комиссиялары қызу жұмысқа кірісіп кетті. Жақында Сенат депутаттарының сайлауы өтеді. 31 тамыз күні 2011 жылы сайланған сенаторлардың өкілеттік мерзімі аяқталады. Осылайша, 28 маусым күні еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының жоғарғы палатасына әр өңірден бір депутат сайланады. «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға депутаттыққа кандидаттар бойынша шолуды ұсынады. Атап өткен жөн, олардың саны әлі нақтылана қойған жоқ, себебі кандидаттарды ұсыну 28 мамырға дейін жалғасады. Ал кандидаттарды тіркеу 7 маусымға дейін жүргізіледі.