Астанада шомылу маусымы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада дәстүрге сай маусымның бірінде шомылу маусымы ашылды. Бүгін «Есіл» өзенінің жағалауында ТЖ департаменті қызыл жарты ай қоғамының еріктілері, өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару отрядының мамандарымен бірлесіп «Біз судағы қауіпсіздікті қолдаймыз» атты ауқымды акция өткізді. Шара су қоймаларындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу әрі ескерту мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлдайды Астана қаласының әкімдігінің сайты.