Астанаға газ құбырын тарту мәселесі екінші жартыжылдықта түбегейлі шешіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға газ құбырын тарту мәселесі ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында түбегейлі шешіледі. Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесуін өткізген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.