Жексенбіде елімізде күн райы құбылмалы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жауын-шашын күтіледі, екпінді жел болады, еліміздің солтүстігінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.