8 января 2026 года

World News in Kazakh

Январь
2026
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Все новости

Azattyq.org 

Атырау облысында тұтас бір отбасының жоғалуы: полиция күдіктіге іздеу жариялады

Атырау облысы Қызыл қоға ауданы Жангелді ауылындағы бір отбасының өліміне күдікті ретінде танылған 29 жастағы тұрғынға іздеу жарияланды. Бұл жөнінде аймақ полициясына сүйенген "Қазақпарат" хабарлады. Полиция сонымен бірге өзге адамдардың оқиғаға қатысын тексеріп жатыр. 25 желтоқсанда Атырау облысында тұрғындардың бірі полицияға хабарласып, бауыры мен оның отбасы (барлығы 4 адам) жоғалып кеткенін айтқан. Айтуынша, олардан хабар үзілгеніне бір айдан астам уақыт болған. 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті үйлерінің сарайынан табылып... Читать дальше...

Azattyq.org 

Венесуэла билігі АҚШ-тың әскери операциясы салдарынан кемінде 100 адам қаза болғанын мәлімдеді

АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясы салдарынан кемінде 100 адам қаза болды. Бұл жөнінде Венесуэла ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо мәлімдеді. Оның сөзінен Reuters пен CNN үзінді келтіреді. "Қазіргі кезде қаза болған 100 адам бар. Жараланғандардың саны да шамамен сонша. Қақтығысқа түк қатысы жоқ адамдар, бейбіт тұрғындар, әйелдер опат болды. Олар өз үйлерінде болған.... Олар елімізге тасталған қуатты бомбадан зардап шекті" деді Кабельо. Каракас бұған дейін операциядан қаза болғандардың санын айтпаған... Читать дальше...

Azattyq.org 

Құлыбаев Англиядағы Саннингхилл-парк сарайын жемқорлыққа қатысы бар компания арқылы сатып алған – ВВС

Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев 2007 жылы Эндрю ханзададан (Ұлыбританияның патшайымы болған ІІ Елизаветаның (1926 - 2022) екінші ұлы.) Саннингхилл-парк зәулім сарайын жемқорлық ісіне қатысы бар компания арқылы сатып алған деп жазды ВВС сайты жаңа зерттеуінде. ВВС экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Құлыбаев зәулім сарайды Италиядағы жемқорлық істерінде аталған Enviro Pacific Investments компаниясы арқылы алған дейді. ВВС-дің 2016 және 2017 жылғы сот құжаттарына сілтеп жазуынша... Читать дальше...

Azattyq.org 

Трамп АҚШ-ты 66 халықаралық ұйымнан шығару туралы жарлыққа қол қойды

Дональд Трамп АҚШ-ты 66 халықаралық ұйымнан шығару туралы жарлыққа қол қойды. Арасында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша негіздемелік конвенциясы да бар. Ақ үйдің хабарлауынша, бұл ұйымдар Американың "мүддесіне сәйкес емес". Хабарламаға қарағанда, мәселе БҰҰ-ның 31 құрылымы мен оған кірмейтін 35 ұйым жөнінде болып отыр. Ақ үйдің айтуынша, бұл ұйымдардың көбі "АҚШ егемендігі мен экономикалық қуатына қайшы радикалды климаттық саясатты, жаһандық басқаруды және идеологиялық күн тәртібін насихаттайды". Читать дальше...