Ләйлә Сұлтанқызы "той әншісі" деп сыналған Ернар Айдарды жақтап шықты (фото)
Ләйлә Сұлтанқызы "той әншісі" деп сыналған Ернар Айдарды жақтап шықты деп жазады NUR.KZ.
Тележүргізуші тойда да ән айтатын адамның керек екенін алға тартты.
"Ернар Айдарды тойдың әншісі дей бергенмен бірнәрсе өзгере ме? Ал, солай-ақ болсын дейік. Бірақ, тойда да ән айтатын әнші керек қой. Әркім өз тойында сүйікті әншісін көргісі келеді. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын", - деп пікір білдірді Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын халық әртісі Роза Рымбаева Ернар Айдарды тойдың әншісі деп сынға алған болатын.
Ал Ернар Айдар өзіне сын садағын қадаған Роза Рымбаева жауап қайтарып үлгерді.
Source: Kaz.nur.kz