Туған ұлын 68 жылдан кейін көрген ана көз жасын тыя алмады (фото)
Оңтүстік Корея тұрғыны Ли Кеум-Cеом 68 жылдан кейін Солтүстік Кореяда тұратын ұлымен қауышты деп жазады Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: CNN
Елдің жүрегін тебіренткен оқиға 20 тамыз күні Солтүстік пен Оңтүстік Кореяның екіге айырылған отбасыларының кездесуінде болған.
Фото: CNN
Белгілі болғандай 92 жастағы Ли Кеум-Сеом соңғы рет ұлын төрт жаста көрген. 1953 жылы Кореядағы соғыс кезінде отбасы екіге айырылған екен.
Кездесу кезінде Санг анасына отбасы айырылысқалы бері көрмеген әкесінің суретін көрсетті.
Фото: CNN
Айта кетейік, кездесуге отбасымен байланысын үзіп алған 89 жанұя қатысып, 57 мың адам туыстрын тапқысы келетінін мәлімдеген.
Source: Kaz.nur.kz