Новости по-русски

Ардақ Назаров туралы фильм түсіріліп жатыр

Ардақ Назаров туралы фильм түсіріліп жатыр

Спортшы Ардақ Назаров жайлы бейне фильм түсірілуде. Бұл туралы Ардақтың өзі instagram парақшасныда хабарлады.

Бекболат Еділбаевпен түскен суретінің астына: «Алла қаласа, менің өмірім жайлы жақсы фильм түсіріліп жатыр. Осы фильмге сценарий жазып, басы-қасында жүрген жас таланттар, ағайынды Бекболат пен Жанболат. Бұл жігіттердің болашақта қазақтың кино өнеріне жақсы туындылар әкелетініне сенімдімін» - деп жазған.

Ал фильмнің желісі, сценарийі, басты рөлдерді кімдердің сомдайтыны, қашан көрермен назарына ұсынылатыны туралы мәліметтер белгісіз.

Айта кетейік, Ардақ Назаров 1980 жылы 14 қазанда Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Әкесі мұғалім, анасы бухгалтер.
Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, Хабаровск, Ресей, 2005, Сеул, Корея) және әлем кубогының иегері (2004, Хабаровск, Ресей). Еуразияның екі мәрте чемпионы (2001, Астана, 2002 Қарағанды). Азия чемпионы (2003, Бішкек, Қырғыстан).

56adf328c5dde492a674083274d449f5.jpg4f5062cdd5af2f7c47a2f5f111544be4.jpg07c489cde9d4e3d3131eed852f4893ca.jpg

Читайте на 123ru.net