"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
Режиссер Данияр Саламаттың Бейімбет Майлин әңгімелеріне негізделген "Талақ" жобасы көп жылдық кідірістен кейін былтыр "Ұлттық киноны қолдау орталығының" қолдауына ие болған. Биыл Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлде алған сәтінен бастап қоғам талқысына ілікті. Кинотеатрларда әлі көрсетіліп жатқан фильм жайлы түрлі пікір көп. Алайда қоғамдағы пікірталастың "қазақты алба-жұлба, кедей қып көрсетіпті" деген деңгейден көтеріле алмай жатқаны, кей кинотеатрда залдардың бос қалғаны байқалады. Совет одағы орнап жатқан жоқшылық дәуірде абайсызда талақ айтып, әйелі басқаға кететін Сарымсақ туралы фильмді формалық, идеялық тұрғыда сараптап көрдік.