Бүркітшілік

Бүркітшілік — бүркіт бабтап, саят құратын қазақтың дәстүрлі саятшылық өнерінің бір саласы. Бүркітшілік , бүркіт бабтау, саятшылдық, қазақтың дәстүрлі өнері,қолбала,тірнек, тастүлек, мұзбалақ, бүркіт

Бүркітшілік — бүркіт бабтап, саят құратын қазақтың дәстүрлі саятшылық өнерінің бір саласы.

Бұл кәсіппен ертеде көшпелі түркі тектес халықтар шұғылданған. Тарихи деректер бойынша Жошы ханның 3 мың бүркітшісі болған. Бүркітті екі түрлі жолмен ұстайды: біріншісі — балапанын ұядан алып, қолдан баулу. Ондай бүркітті қолбала дейді. Екіншісі — бүркітті тағы күйінде ұстап үйрету. Бұлар — тірнек, тастүлек, мұзбалақ сияқты түз құстары. Бүркіт балапанын жем беру арқылы баулиды. Тұғырға отыруға жарасымен томаға кигізіп, балақ бау тағып, қолға қондыра бастайды. Ұшуға жараған кезде етке қант бүркіп, қоян, түлкі, қарсақ сияқты аңдардың терісіне орап, шыжым жіппен сүйретіп жүріп жегізеді, мұны «шырға тарту» дейді. Алдымен...

Читайте на 123ru.net