Бүркіт аңшылығының суреттері

Бүркіт аңшылығының суреттері — Мұхтар Әуезовтың әңгімесі. Алғаш рет 1925 жылы «Таң» журналының үшінші нөмірінде (Басылмаған романнан) деп, қосымша атаумен жарық көреді. Кейін 12 томдық (1967) және 20 томдық (1979) шығармалар жинақтарының бірінші томдарында жарияланады.

Бұл шағын әңгімені Әуезов Семейде, ленинградтық оқудан соң жазғы демалысында, «Таң» журналында техникалық редактор қызметін атқарған тұста жазады. Осы және «Қанды түн», «Қаралы сұлу», «Қайғылы жетім», «Қазақ қызы», «Ескілік көлеңкесі» атты әңгімелері журналда «Мұхтар» деген бүр­кеншік атпен басылды. [1]

«Аңшылықтың үміт қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес,...

Читайте на 123ru.net