БАҚ: Ресейде Сочи Олимпиадасы кезінде 100-ге жуық допинг-сынамасы құпия түрде «тазасына» ауыстырылған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың бұрынғы басшысы Григорий Родченков ресейлік допингке қарсы қызметкерлер мен арнайы қызмет қызметкерлері Сочидегі Олимпиадаға жақсы дайындалып, 2014 жылғы Ойындардың барысында 100-ге жуық допинг-сынамаларын құпия түрде «тазаларына» ауыстырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды New York Times.