Жер заңына наразыларды полиция ұстады
21 мамырда жер заңына қарсы бейбіт митинг өтеді деген соң бірнеше қалада күзет күшейді. Қалалық әкімдік ғимараттарын таңертеңнен полиция күзетті. Астанада бірнеше азаматты полиция ұстап, Алматыда екі белсендіні ішкі істер департаментіне шақырған.