Иран соты АЕ/АР-дың бұрынғы тілшісін 10 жыл түрмеге кесті
Иран соты Азат Еуропа/Азаттық радиосының бұрынғы тілшісі Реза Вализадені 10 жыл түрмеге кесті. Оны "Америка үкіметіне жұмыс істеді" деп айыптаған. Сот процесі кезінде судья мемлекеттік айыптаушы рөлін де атқарған. Үкімге сәйкес, Америка азаматтығы да бар Реза Вализаде түрме жазасын аяқтағаннан кейін екі жыл елден шыға алмайды, саяси ұйымдарға қатыса алмайды деп жазды Фарда радиосы. Вализаде Азат Еуропа/Азаттық радиосының Иран қызметімен он жыл әріптестік орнатып, 2022 жылы радиодан қол үзген. Читать дальше...