Жас ұрпаққа құқықтық сауаттылықты қалыптастыру
Жуалы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Жуалы ауданында орналасқан №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп гимназиясында «Болашақ прокурор кеңістігі» прокурорлық бұрышы салтанатты түрде ашылды. Жоба мектеп оқушыларына бағытталған және заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, патриотизм және саналы құқықтық мінез-құлықты қалыптастыруға арналған. Іс-шараға аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылхан Еркінұлы, аудандық Білім бөлімінің өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев қатысты. Читать дальше...