"Лагерьлер" арасындағы "патриоттық туризм". Шыңжаңға барған тілшілер не көріп қайтты?
Reuters агенттігінің екі тілшісі Қытайдың Шыңжаң өлкесінде екі апта болып, ондағы тұрмыс-тіршілікті бақылап қайтты. Олар мұсылмандар қамалған лагерьге жақын жерлерде туристік нысандар ашылып жатыр, ал басқан ізіңді сақшылар аңдып жүреді дейді.